Өлең, жыр, ақындар

Тәңірберген (Мақсым) ата үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 965
Қияметтей қырсық шалып елімді,
Түнек басып менің туған жерімді.
Жазықсыздан жапа шегіп түрмеде.
Ай мен күнім тумайтындай көрінді.
Ақын балам алшы бәрін түсініп.
Бар жазығым бойымдағы кемшілік.
Талайларды емдегенім дертінен,
Ажал келсе тұғырынан түсіріп,
Cүрінгенді демегенім қолтықтан,
Жасай біліп ізгілікпен кісілік.
Заман азса иман кетер адамнан,
Түсінбестен өңшең құзғын шулаған,
Бұл молда –деп, халық миын улаған.
Абақтыға салды апарып Оралға,
Өрмекшінің тұзағындай торлаған.
Қиын болды менің халім сор батпақ,
Өмір-өлім ортасында зар қақсап.
Жүргенімде Тәңір айдап түрменің,
Бастығы өзі шақырғаны сыр сақтап.
Он бес жылдай сал боп жатқан жалғызын,
Ешкім емдеп жаға алмапты жұлдызын.
Сырты сау да, іші нала жан екен,
Айтты егіліп, көмек сұрап арызын.
Адам барма қолын созбас арманға,
Мың иіліп сәуле сепкен Аллаға.
Иә, Бекет-деп, мен емдеуге кірістім,
Көзімді ілмей ұзақ түнгі таңдарға.
Ауыр екен меңдеп кеткен сырқаты,
Қу сүйек боп қалған балғын сымбатты.
Он күннен соң өн бойына ем қонып,
Күндей күліп аяқ басып тіл қатты.
Ақын ұлым ұрпақ дерттен азбасын,
Тия алмады қуаныштан көз жасын.
Баласы үшін аянбаған сол жігіт,
Бұрды бізге көңілінің арнасын.
Тарту етіп күйме шана қос атты,
Иілдіріп дікеңдеген солдатты.
Көріпкелді Ешмандай ініммен,
Темір торлы түрмесінен босатты.
Қилы заман солай бастан өткізіп,
Кең Жылыойға сағынышты жеткізіп.
Кие толы топырағын сүйдік біз,
Қимастықтың мөлдір шығын жүздіріп.
Күллі азапты мұңмен қайғы тарқады,
Көргеннен соң күн бесіктен ақ таңды.
Қасиетті жанға дауа ауасы,
Жібіткені жусан иіспен қолқамды.
Маған келген аппақ екен пейілің,
Ұлы жолда төксін Алла мейірім,
Сенбе ұлым байлық қуған жандарға,
Ешкім көрге әкетпеген тиынын!
Жолдас болып әрдайымда даналық,
Сусындай біл бабалардан нәр алып.
Олар салған ізгілік жол киелі,
Тілегіңе тілек қосар жаңарып.
Қуаныштың көргенмен сан ғажабын,
Кетпей қойды естен көрген азабым.
Соның бәрін шындықпенен өрнектеп,
Ұрпағыңа жалын жырмен жаз жаным!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ата рухыменен сырласу

  • 0
  • 0

Жан атам ерлік толы жыр дастаным,
Қалайша бұған дейін сыр ашпадың.
Алдымда әулиемдей тұрсың міне,
Ойлардың сыйға тартып ең асқағын.

Толық

Әжелер үні

  • 0
  • 1

Біз майданға найза алып аттанбадық,
Ар киесін қадірлеп ақтан тағып.
Тоздырмастан бабаңнан шаңырағын,
Адалдықтың антынан аттамадық.

Толық

Қазыбек би

  • 0
  • 0

Өн бойыңда қырағылық,
Бұлақ ашып таңнан тұрып.
Елді ағартып талмай үміт,
Ата дәстүр таңдай ғұрып

Толық

Қарап көріңіз