Бұл бетте «Бұғыбай ата үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған ата туралы өлең берілген.
Биік ұстап имандықтың ар әнін,
Жолдар кезіп Меккеге сан барғанмын.
Сансыз кітап арқаладым сен үшін,
Келер ұрпақ үміт артар арманым.
Білсе екен-деп, кең ғаламның сырларын,
Мен білімнің шырақ қылып сый нәрін.
Білгенімді аманат қып өзіңе,
Бар жиғанды өздеріңе сыйладым.
Бір алланы сүйе біліп жасыңнан,
Аулақ болып жамандардан тасынған.
Арың менен ерлігіңді қорған қып,
Әрдайымда өзіңе сен жас ұлан!
Ізден, ізден маңдай терің моншақтап,
Білімдіні бөгей алмас сор батпақ.
Еңбек, еңбек болсын сенің ұраның,
Еңбектенген бақыт жолын сол таппақ!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі