Тұманша би ата үні – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Тұманша би ата үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған ата туралы өлең берілген.

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1570
Бұл өмірде екі байлық бар,балам,
Қуат қылған жер бетінде ойлы адам.
Біріншісі – тәннің аман, саулығы,
Екіншісі – салихалық ой – арман.
Осы екеуі серік болса жаныңда,
Көп қиындық көрмессің сен жолыңда.
Бабаң өзі Рухымен дем беріп,
Жетелер – ау ізгіліктің бағында.
Жеміс беріп,маңдай термен гүл еңбек,
Дәулет келер бауырыңдай күлімдеп.
Кім бар,бірақ көрге апарған байлығын,
Сараң болма қайырымсыздай дірілдеп.
Қонған бағың болсын десең тұрақты,
Күтіп ұста мінез атты пырақты.
Жан сұлулық өмір бойы қорғаның,
Сыйға тартар балдай тәтті бұлақты.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері