Бекпенбет би ата үні
Бұл бетте «Бекпенбет би ата үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған ата туралы өлең берілген.
Ақтау үшін бабалардың сенімін,
Татулықтан іздеп өмір серігін,
Ұрпағыңа бірлікті айтып сөз қалдыр,
Берекенің қанып ішсін мөлдірін.
Елің сені ақын қылып өсірген,
Өнер – риздық, таусылмайтын несібең.
Бабаң соққан алтындалған сөз сарай,
Былғанбасын мәңгүрттердің исінен?
Тіл маржаны – ақыл – ойдың теңізі,
Сол сарайдың баға жетпес негізі.
Өсиетінен бабаң айтып қалдырған,
Тере біл сен маржан ойлар сезімді.
Жаттаим