Қараша ата үні – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Қараша ата үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған ата туралы өлең берілген.

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1555
Қадір тұтып киелі ізгі халқын,
Бабалардың жырлаған ерлік даңқын.
Ақын ұлым кел бермен жақындашы,
Сыр шертейін өзіңе жаны жарқын.
Күннің көзін қолымен кім жасырмақ,
Сақ болғайсың дұшпаннан айла асырмақ.
Көк Бөрідей бабаңның жазып кеткен,
Тарихыңды оқи біл сен жақсылап.
Сонда саған сақталған бар асыл зат.
Ұлы көші Алтайдан тоқтамаған,
Қорғанышың қашанда Отан анаң.
Бабалардың ізімен ер жетсін-деп,
Мол мұрасын сен үшін арқалаған!
Сол мұраңды қастерлеп жаның сүйіп.
Әруақтар алдында басыңды иіп,
Келер күнге арыңмен тіл қата біл,
Бар әлемді қуантып сүйсіндіріп.
Мақтан қылып туған ел тұғырыңды,
Арна оған тер төгіп ғұмырыңды.
Армандай біл Тәңірге мінәжат қып,
Ұлы Түрік елімен бірлігіңді!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері