Мен – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Мен» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1294
Кең Жылыойдай тұғырым – бағым барда,
Жүрек отым – ана тіл,үнім барда,
Бабалардың киелі өсиетін,
Жеткізбеуге ұрпаққа қақым бар ма?
Ескірместен туған жер ой,қырында,
Жатқанменен қара жер қойынында,
Күнде бізге төгеді даналық ой,
Бағыт сілтеп өмір жол айдынында.
Әлдилеген бесігің – елдің ортақ,
Тыңда,тыңда дауысын,келер ұрпақ,
Ақ жолыңа нұр болып құйылсын деп,
Сыйға тарттым өзіңе жырмен құнттап!
Сенен керем толқыным,тірегімді,
Қабыл алшы ақ ниет тілегімді.
Бабаларын қастерлеп,ту қылсын деп,
Алаулаттым, шырақ қып жүрегімді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері