Жұмабек Тәшенов – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Жұмабек Тәшенов» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3150
Менің елім шын құдірет емеспе,
Қанша қырғын кешті бастан егесте.
Азап көрді, қуғын көрді сұрапыл,
Бәрі, бәрі сақталар-ау мәңгі есте.
Қызыл терор қанын бүркіп шошытқан,
Екі миллион көзін жұмған аштықтан.
Ал қаншасы шет ел асты пана іздеп,
Сағынғанда туған елін жас сыққан!
Көтертпестен еңсесін мұң қорғасын,
Тауға тасқа соққан халқым өр басын.
Сол қорлығы аз болғандай Кремль,
Зорлықпенен төкпек тағы көз жасын.
Алтын тұнып көрінгендей жер асты,
Қызықтырған байлық толы даласы.
Айырып тынбақ түп тамырдан қалайда,
Қызыл айдар таққан қара албасты.
Бар қулығын саясатпен есептеп,
Жерін бөлмек өзге жұртқа бөлшектеп.
Түрікменге сыйға тартып батысын,
Оңтүстүгін Өзбектерге қажет деп.
Сұлулығын Тәңір соққан көрмедей,
Солтүстігін өзі алмақ түгелдей.
Сұмдық ойлы Тиран тектес Хрущев,
Тың даламның бетін жыртқан түрендей.
Көпіргенде түкірігі шашырап,
Елді былғап уға айналып түскендей.
Қапы болып қалмас үшін өкініп,
Қажет еді жүрек жұтқан өткірлік.
Мың қазақтан алға шықты Жұмабек,
Жауға ұмтылар Көк Бөрідей ұмтылып.
Ресейдің кең деуші едік құшағын,
Кім ойлаған жұмсайды деп пышағын.
Арам ниет үлкен қылмыс емеспе,
Талапайлап Қазағымның ошағын!
Не айтасың бүкіл әлем алдында,
Тіке айтып пысын басты дұшпанның!
Қырандардай қос қанатын кең қағып,
Азаттыққа аман жетті ер халық.
Күнде маған елестейді нар қазақ,
Мінбелердей ой салғандай сөз алып.
Ар намысын туған елдің қорғауға,
Бабалардай ерлікпенен жан салып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмабек Тәшенов өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Жұмабек Тәшенов өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұмабек Тәшенов өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұмабек Тәшенов өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері