Аязды күні
Бұл бетте «Аязды күні» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Далада аяз, қашан ғана тыншиды?
Мұрынды бiр,
Құлақты бiр шымшиды.
Үйде Асан ыстық көже iше алмай,
Iшек-қарны шұрылдайды, сыңсиды.
Темiр қасық! Қалай аузы күймейдi?
Қасығы да ернiне бiр тимейдi.
Тиiп кетсе, ернiн қасық күйдiрiп,
Асан батыр баж етiп зар илейдi.
Суығанша төзiмi оның жетпедi,
Көженi алып тысқа қарай беттедi.
Қар үстiнде суысын деп тұрғанда,
Қос құлағы аз-ақ үсiп кетпедi.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі