Бұл бетте «Зерек бала» атты Ескен Елубаев жазған бала туралы өлең берілген.
Əкесiнiң есiмiн,
Жазып берер,
«Жаз» десең.
Жазар шеше есiмiн,
Егерде оны аз десең.
Жаза бiлер ол егер,
Қолға берсең қаламсап.
Зуылдата жөнелер,
«Əлiппеңдi» ала сап.
Талай-талай тақпақты,
Шəрiп тұрып жатқа айтты.
Оны бəрi мақтапты,
Оған теңеу таппапты:
– Жақсы оқиды-ау, шамасы,
Қандай естi, қарашы!
Ерте өскен санасы,
Бұл кiмнiң, – деп, – баласы?
Бiлгендерден сұраса,
Зеректердiң бiрi екен.
Бiрiншiге жаңадан
Барайын деп жүр екен...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі