Өлең, жыр, ақындар

Ұлылық

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1570
(Илияс Есенберлин рухына)

Сескенбей қызыл дауылдан,
Жетсе де тозақ азабы.
Ата жолдан жаңылмай,
Құлқынның болмай мазағы,
Адаспас үшін қазағы.
Ойлауменен ел қамын,
Шындықтың жағып шырағын,
Шүберекке түйіп от жанын,
Ақиқаттан іздеп тұрағын,
Намыстың мініп пырағын,
Ел үшін аңсап көгалды,
Келер-деп, алда жаз әлі.
Тарихымнан іздеп ерлікті,
Сілкілегенінде тозаңды.
Бабалар жазған қанымен,
Шежірем төрден сөз алды!
Түнерген бұлтты қақ тіліп,
Көк бөрілі туды көкке іліп,
Төккендей шуақ далама,
Көшпенділер сырын ұқтырып,
Ой салдың таным санаға!
Ғасырлардан тау жарып,
Қиямет зілін аударып.
Ұран салып бабалар,
Ұрпағына нұр жарық,
Біз бармыз деп жар салып,
Үн қатқандай ғаламға.!
Еркіндік сүйген адамдар,
Тебіренбей сірә қаларма?
Келгендей көктем гүл алып
Шаттанды халқым қуанып,
Бұлағынан мөлдір сіміріп,
Бойына қуат сіңіріп.
Жеткендей рухы оралып,
Бар бөгетті сындырып.
Сезініп өтеу борышын,
Бабалар рухы алдында.
Еске алып сансыз арысын,
Сақтады ұрпақ жадына..
Із тастап өткен жолдармен,
Ұмтылды биік асуға.
Намысты өрлік жырымен,
Жаңартып ерлік жасауға.
Ынтымақта ғой ірілік,
Жаныңа жігер беретін,
Көрдіңбе мұндай ұлылық,
Омырауына күнді іліп,
Сүйдірген елге маңдайын!
Жаңғыртып байтақ жер –көкті,
Ұлы көш жетті сәулетті,
Ғасырлардан жүк артып.
Ақындар тегіс жыр төкті,
Сұлулығына құмартып.
Жетелеп намыс мұратқа,
Жеткізіп ізгі тілекті.
Аққу боп қонды қыратқа,
Ақша бұлттар көктегі.
Салғандай хабар жан-жаққа,
Жүректі тербеп жетті үні.
Жазмыштан сыйын мол алған,
Өзгеше өр боп жаралған.
Айтпайын қалай жеңісін,
Тар қыстауда жол салған.
Отқа түскен ел үшін,
Қаһарман ер ғой сол ағам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мырзағұл әулие баба үні

  • 0
  • 0

Бақыт деген өздерің ұрпақтарым,
Ұғынсын-деп, жаныңа сыр ақтардым.
Сендер әлсіз болсаңдар бірлігі жоқ,
Былғанғаны киелі топырақтарым.

Толық

Еркебай ата үні

  • 0
  • 0

Тыңда балам өтті қанша сарша күз,
Мен жатырмын елеусіздеу қоршаусыз.
Итте өтеді, малда өтеді үстімнен,
Білесің ғой өлген жандар қауқарсыз.

Толық

Туған жер жас жанымда жалындап ой

  • 0
  • 0

Туған жер жас жанымда жалындап ой,
Мен сені аңсап келдім сағындым ғой.
Өзіңде тәй-тәй бастым сенде ағайын,
Атыңнан Кең Жылойым айналайын.

Толық

Қарап көріңіз