Қасым ақын зираты басында – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Қасым ақын зираты басында» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2034
Бас иген Бауыржандай батырың да,
Жырлайтын ақ береңдей ақының да.
Өр жырын кейінгіге мұра қылған,
Қасымы Аманжолдың жатыр мұнда.
«Өкінбе бір күн босқа өлемін деп,
Өкінем ұқсата алмай келемін деп,
Күніне жүз ойланып,мың толғанам,
Өзіңмен бірге өлмесін өлеңім деп»,-
Деп жазған асыл жырын құлпытасқа,
Ой тастар тебірентіп әрбір жасқа.
Өмірде өшпейтіндей сөз қалдырған,
Даналар әрқашанда ұмытылмас та.
Мен келіп Жеңіс күні тізе бүктім,
Жалғасы болсам-ау деп ізгіліктің.
Елестеп көз алдыма солдат Қасым,
Өлеңін оғы қылған зеңбіректің.
Жүрегім жыр өлкесін қалаған шын,
Болармын бәлки мен де дана Қасым,
Әкелген Атыраудан қойдым гүлді,
Еске алып ардақтаумен ел ағасын.
Өтер-ау талай күндер тізбектеліп,
Жанына ішкі сырын жүз бүктіріп.
Қош аға!Топырағың торқа болсын,
Тағы да бас иермін іздеп келіп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері