Өлең, жыр, ақындар

Халқының ұлы перзенті

  • 09.06.2019
  • 1
  • 0
  • 10333
(Дінмұхамед Қонаевтың рухына)

Даналықпен серік қылып пәк арды,
Заманының қайсар өжет адамы.
Қызыл тұман құрсауында адаспай,
Жасай білдің болашаққа қадамды.
Жетсе дағы талайларға әмірің,
Маңдай термен өтті мәнді ғұмырың.
Бар тілегің елің болып жүректе,
Гүлденгенін көрсем деумен төріңнің!
Әділдіксіз қай мекенге құт қонбақ,
Шашылмадың жалған сөйлеп көпті алдап.
Қиналғанға қолдың ұшын бердің сен,
Жығылғанды сүйей білдің қос қолдап.
Асқақ оймен келе біліп тоқтамға,
Берілмедің даңғойлықпен мақтанға.
От жаныңның бар жалынын арнадың,
Азаттығын аңсап күткен Отанға!
Дүние қуып алтын таққа таянбай,
Халқың үшін қызмет қылдың аянбай.
Көз жіберіп қарапайым жандарға,
Пана болып алынбайтын қамалдай.
Іштей тұнып мақсат толы арманың,
Ақиқатты жан тәніңмен қолдадың.
Жоғалтпауға имандықты төріңнен,
Айнымадың ақ жолынан Алланың!
Арды сүйдің сүйгеніңдей анаңды,
Сүйдің байтақ шетсіз-шексіз далаңды.
Содан таптың үмітіңнің жарығын,
Сол емдеді жандағы дерт жараңды.
Ойлар кешсең бабалардың дауысы,
Шар болаттай қайрап бойда намысты.
Қуат құйып тебірентіп толғантып,
Шақырғаны жалғау үшін ұлы істі.
Іштей ұғып әруақтарымен сырласып,
Бір жұтқансың тереңінен тынысты!
Бақыт шамын ұрпағына сый қылған,
Ұлылықты қабыл алып олардан.
Ел ішіне жоламасқа дүрараз,
Айрылмадың бабам өткен жолдардан.
Ақтасам –деп, нар халқыңның сенімін,
Ізгіліктің соқтың тынбай көрігін,
Іздеріңде имандықтың гүлдері,
Ұрпағыңа үлгі болар ерлігің!
Ел қамымен күндіз-түні көз ілмей,
Көш бастадың қиындыққа дес бермей.
Сен соқтырдың бесжылдықтар балғасын,
Кең даламда тау жаңғырып көшкендей.
Асу бермес сан қырларда тоң тіліп,
Қанжығасын милиард пұтқа толтырып.
Танытқансың қазағымды әлемге,
Омырауына көктен жұлдыз тақтырып!
Негіз қылып Фарабидің ілімін,
Өрге тартып өнер менен ғылымын.
Мұқтар менен Қаныштарды ұлғылап,
Кең әлемге Абай жолын сый қылдың.
Түсінгенге өмір қысқа көрген түс,
Мәнді қылар ізгілікпен ұлы күш.
Адамзатқа даналықпен ой салған,
Және қойдың ұлы Абайға ескерткіш!
Зиялылар ұлттың туы қашанда,
Онсыз қоғам алға сірә басарма.
Қамқорладың талаптыны нұр жауар.
Қалмас үшін күңгірт тартып тасада.
Өзің десе лаулап қалай жанбайын,
Сен тіледің оты бардың самғауын,
Айнымастан ақыл-ойлы мұраттан,
Жалғасам-деп, бабалардың жолдарын.
Тыңдай біліп оңашада толғанып,
Ұлы дала қобыз үнін сазды әнін
Көрмесін-деп, келер ұрпақ сары уайым,
Жеткізгендей ізігілікпен жаз айын..
Ұлттық үнін танытсын деп әлемге,
Салып бердің Өнер атты сарайын!
Данышпандық даңқта жас дәуренде,
Салмас үшін күншілдері әуреге.
"Аз и Я"-сын қорғаштадың Олжастың,
Шомылдырып мейірім шуақ сәулеңе.
Шаң тигізбей өзің тұрған шағыңда,
Қанат бердің еркін ойлы танымға.
Жатқа соқтың Жұбан ақын жырларын,
Мен Қазақ-деп, поязия бағында!
Шындықты айтып шыға білген уәдеден,
Ұмытпастан ұстазыңды дем берген.
Қия баспай қиыстырдың қиынды,
Шаяахмет Жұмабайдың үнімен.
Өн бойыңда жатқан ғажап ұлылық,
Ақиқаттан аттамадың пір тұтып.
Ұлттық рухтан сына қаға білдің сен,
Жұлдыздардай төгіп елге жылулық!
Сезсең дағы саясаттың ызғарын,
Ата салттан әдеп сақтап озбадың.
Ана тілдің құдіретіне сүйсініп,
Тамырынан іздегенсің гүл бағын.
Тәңір сыйлап әулиелік шекпенін,
Жеткізе алған хикметпен өткенін.
Алыс сапар жүреріңде алысқа,
ЯССАУИГЕ соқпай әсте кетпедің!
Атыңа сай сүйдің таза дініңді,
Ішке бүгіп кеудеңдегі мұңыңды.
Жыйнағаның ғұламалар кітабы,
Жарқыратып күндіз қылған түніңді,
Қазақ әнін бірдей санап дауамен,
Әуендерін бірге жұттың ауамен.
Құйқылжыған күйлерімен бір соқты,
Кеудеңдегі от жүрегің ар емген.
Басы балда арты толы өкініш,
Бұл өмірде ақ пен қара екі түс.
Минут сайын амал жасап шытырман,
Бітіспеске соққан күнде бекініс.
Сол майданда ұстай біліп өзіңді,
Серік қылып қара тастай төзімді.
Ақымақтармен де әл жеткенше алыстың,
Өткір сынап құлдық құмар езгіні.
Табиғаттан өзі солай жаралған,
Қай заманда иттер үрмей тұра алған.
Абай айтқан өзің баққан күшігің,
Үнсіз қауып болып шықты қабаған.
Көрсең дағы талай залым әлегін,
Тілемедің есіркеуін біреудің.
Тиіспедің дәулет қуған сорлыға,
Кісіліктің сақтап көркем өрнегін.
Сол баяғы қарапайым калпыңда,
Сезім толы жан дүниеңмен нұр өрдің.
Ата жұрттың болып берік тірегің,
Не көрсең де елмен бірге түледің.
Заманыңның болдың адал перзенті,
Ақыл ойдан терең салған түренін.
Өкпе артпай қысымы мол заманға,
Күйінбестен жоққа мынау жалғанда.
Кір іздеген тырнағыңның астынан,
Жабыққаныңды білдірместен жаманға,
Қанғатапен бағалаумен барыңды,
Құлаш ұрдың ел аңсаған арманға.
Көрген жоқсың билік үшін қалтырап,
Әділдікпен ашық күндей жарқырап.
Жүре білдің иілмей де бүгілмей,
Тірлігіңнің берген сыйын артып ап.
Өзің барда құшағы сыр ақтарған,
Өндіріске өріс берген көп қалам.
Қарағандым көмірімен от жағып,
Қара маржан ақтарылды Ақтаудан.
Әруақтар қысқандай кең арқасын,
Күмісінен шашу шашып Балқашым.
Кең әлемнің мыс қазаны атанып,
Адамзатқа ашқан алтын қақпасын.
Риддерде еңбек жолын басталған,
Қазынасынан құйып алтын тостаған.
Пейілмен мөлдіретіп ақ құйып,
Қуаныштың шаттық әнін қостаған.
Шөлейт құмды айналдырып абатқа,
Мақтаралды ақ бұлт болып ақ мақта.
Кең әлемнің әр еліне қонақтап,
Сәлемдерін жеткізгені қазаққа.
Жырлай берсем ұшаң – теңіз еңбегің,
Жалғасындай жалын өрген терменің.
Халық өзі мақтан тұтқан қашанда,
Қорған болған Алатаудай перзентін!
Жүрек сырын бір – біріне ақтарып,
Атыңды атап әнге қосып шаттанып.
Ерлігіңді өрлігіңді жаттатып.
Жеңісің боп қарсы тұрған өлімге,
Үлкен бақыт ие болу сенімге.
Болғандықтан жаның таза кіршіксіз,
Ұлы атандың өзің туған еліңде!
Жолын ашып жас керуен көшінің,
Бір кездері сәні болып кешінің.
Ақ тілекпен ақ батаңды беріп ең,
Болашақтың айқара ашып есігін.
Сол ақындар жастық өтіп от тайған,
Бұл күндері жас ұлғайып қартайған.
Еске алады көздеріне жас алып,
Дауысыңды естігендей қайтадан!
Қуат алып сусындайтып қайнарым,
Халқың сүйді бір бөлісіп ойларын.
Озбыр күштер тудырғанда ашу кек,
Желтоқсанның жалауына айналдың!
Ойнаса да Ресейден жалын бұлт,
Ереуілге шықты халқың ағылып.
Талап етіп еркіндігін,теңдігін,
Ұлтын сүйген өз көсемін сағынып.
Жатса дағы әскер жауып жаныштап,
Есіміңді ұран қылып дауыстап.
Жас ұрпағың көрсете алды ерлігін,
Ел бастаған ұлы адамға осы бақ!
Ғасырларға жасағаның мәңгілік,
Көз тіріңде бағаласа ән қылып.
Жүргендейсің бұл күнде де көз ілмей,
Ақиқаттың алтын шамын жандырып.
Қаның тулап бар жүректе тамырда,
Сыр шертесің рухыңмен халқыңа.
Сақтандырып сатқындықтан ездіктен,
Адалдықтың күйін шертіп шалқыма.
Ұғынсын деп,елдікпенен ер жайын,
Елеместен жолдың алыс шалғайын.
Кең Жылойдан немеремді жетектеп,
Келем саған бас иіуге жыл сайын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өтен батыр үні

  • 0
  • 0

Еске алып ерлік даңқын мәңгі тозбас,
Бабасын қадірлеген ұрпақ азбас.
Кел балам ерлігімнен сыр шертейін,
Жаныңа қуат беріп болсын жолдас.

Толық

Құлагер ақын

  • 0
  • 0

Құлагер ақын түстің де қызыл құйынға,
Жүйріктігің үшін тағдырың салды қуғынға
Бабамнан қалған қоңырауым едің киелі,
Заманың қиып итерді қалай құрдымға.

Толық

Батыр бабам

  • 0
  • 0

Туған елде ұмтыларма,
Ер Қосайдың өр істері.
Ұрпақтардан ұрпақтарға,
Нәр береді жеңістері.

Толық

Қарап көріңіз