Қоғабайы қазақтың

Бұл бетте «Қоғабайы қазақтың» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1178
Бабаларға ұқсас жарқын жүздері,
Ағалар бар аңыз болған іздері.
Ізгілікті істерімен елді ойлап,
Жетелеген өрге тартып біздерді.
Қару қылып қара тастай төзімді,
Өрт өлеңмен өріп өршіл сезімді.
Жеткізбесем ерліктерін ұрпаққа,
Күнәлідей сезінемін өзімді.
Мәртікпенен үлгі болған әрқашан,
Кім боласың асылыңа тартпасаң.
Ойып тұрып орын алған тарихтан,
Қоғабайын қазағымның айтпасаң!
Дақ түсірмей бабалардың даңқына,
Қызмет қылған аянбастан халқына.
Нар ағаның өршіл қайсар дауысы,
Бастау болған ерлік толы ән жырға!
Биік мақсат жолдарында күй тұнған,
Адал жасап тайсалмастан қиыннан.
Нажағайдай серпіп түнек бұлттарды,
Шөл далаға ақ жаңбыр боп құйылған.
Кең даламның сусынын бір қандырып,
Жуып шайып тазартуға таңды іліп,
Өту үшін жаралғандай тағдыры,
Жомартықтан шырақ отын жандырап,
Жалықпаған ізденуден қашанда,
Жақсылықтың жаршсы боп ән қылып.
Алқынбастан атақ қуып дауласып,
Ел ісі үшін дауыл кешіп тау асып.
Уақытында айта біліп шындықты.
Әділдіктен тауып көркем жарастық.
Әрбір күнін үмітпенен сабақтап,
Кемелдікке көш бастаған жол ашып.
Тәңір өзі жаратқан соң өнерге,
Ақиқаттан жеткізген ол хат тасып.
Болашағын ойланумен ұлтымның,
Үні болған ұлы қазақ жұртымның.
«Айқап» менен «Қазақ» атты егізін,
Ол тірілткен алмай әсте бір тыным.
Тоқсан жеті жыл өтсе де арада,
Ем іздеумен бітеу біткен жараға.
Алаш туын желбіретіп көтеріп,
Ойлар салған ұлттық таным санаға!
Бір кездері бастан кешкен қан майдан,
Ұлт ұясы торға түсіп шайқалған.
Намысты ердің арқасында жарқырап,
Оқырманмен қауышқаны қайтадан.
Төрге шықты арыстары Алаштың,
Тылсым күшпен оралғандай шалғайдан!
Азаттықтың ақ жолында ерлікпен,
Ажалменен айхасқанды көріппе-ең.
Естіледі мұнда аштық мұң-зары,
Қызыл құйын улы зәрін бүріккен,
Бодандықтың құлдығында шырмалып
Қара құзғын үймелеген өліктен.
Қасиетін қара нанның ұғуға,
Имандықпен, ынтымақпен елдікпен.
Өткен жанса кім тұрады қуанбай,
Бірге болып бар Алашпен туғандай.
Ел тілегін жеткізгені әр үйге,
Қосарланып бағым үшін туған ай.
Тарихымның тереңінен сыр шертіп,
Елім үшін жауға шапқан бабамдай.
Болса дағы жауабы мол ауыр жүк,
Ақаңдардың жолын жалғап алысып.
Ғасырларға өшпес мәңгі жол салу,
Түсінгенге жалаңтөстік батырлық.
Қалай толғап жырламассың игі ісін,
Бой бермесе асау шабыт ақындық.
Өрлігімен шаңын серпіп азаптың,
Өнегесін көрсете алған ғажаптың.
Дүбірлеткен тұлпарлардай даламды,
Нар тұлғасы Қоғабайы Қазақтың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоғабайы қазақтың өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Қоғабайы қазақтың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоғабайы қазақтың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоғабайы қазақтың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері