Шапих Ізбасұлы – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Шапих Ізбасұлы» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1235
Қайран Шаке! Алатаудай асқағым,
Бүгін менің биіктеді-ау аспаным,
Өз атыңа халқың берген көшеде,
Даналықтың көргендеймін бастауын.
Кең Жылойым, қимастықтан құшаққа ап,
Есіміңді төске жазып асқақтап.
Төккен тердің көріңдер – деп, жемісін,
Келер күнге ой салғандай үн тастап.
Ақын жүрек бәрін қалай сезбесін,
Кеңдігіңмен көшең тауып үйлесім.
Мен емес-ау өзі жырмен жазғандай,
Ізгіліктің мәңгілікке өлмесін!
Сыр да жоқ ғой өзіңізден жасырар,
Әруағың ұлылығын асырар.
Ақыл ойдың жібін жалғар біздерге,
Көбейсе екен сендей дана асылдар!
Бесіктен соң, тосар табыт бәрінде,
Нағыз бақыт өміріңнің мәнінде.
Өшпес ізің өз көшеңнен қол созып,
Жетелейді даналықтың тәжіне!
Шапағаты көпке ортақ жақсының,
Есіміңді жалау қылып жақсы інім.
Сенен қалған нарымызда, барымыз,
Жолдарыңды жалғарма екен Мақсымым!
Топты жарып сөз сөйлесем шешенде,
Бақыт нұры толғандай-ау кесемде.
Өзіңді айтып парызымды өтеп бір,
Кең Жылой – деп, ән салайын көшеңде!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері