Бұл бетте «Алтын қазық жұлдызым» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Зейнолла Серікқалиұлына)
Қасиеттің жаққан сансыз шырағын,
Кеудең сенің күмбірлеген жыр ағын.
Жараланса ақын жаным, жан аға,
Ішем сенен сұлулықтың бұлағын.
Көк аспаным нұр төккендей арайлы,
Бойымнан мұң, әлі кетіп тарайды.
Қанаттанам-қуат бітіп бойыма,
Құшақтардай көгімдегі күн-айды.
Тағы іздеуге өлең-жырдың шың-құзын,
Аттанамын белді буып ақтаңда.
Қуанумен, алтын қазық жұлдызым,
Бағыт сілтер сендей ағам болғанға.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі