Мұқтар Арыновтың батасы – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Мұқтар Арыновтың батасы» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2248
А, Құдай!
Аңсатып берген азаттығымды сақта,
Ата –бабанан қалған қазақтығымды сақта.
Қайта оралған Науырызымды сақта!
Қайта түлеген ұл-қызымды сақта!
Жазықсыз жабылған жаладан сақта!
Жеріме көз тіккен пәледен сақта!
Елдің бағын байлайтын,
Қара бас қамын ойлайтын,
Әділетсіз биліктен сақта!
Тілінен безген тексізден сақта!
Ізеттіліктен жұрдай бетсізден сақта!
Елді сыйламаған есерден сақта!
Нанды басқан кеселден сақта!
Ынтымағы жоқ туыстан сақта!
Қайырымы жоқ бастықтан сақта!
Қасыңнан шыққан қастықтан сақта!
Парасатсыз ғылымнан сақта!
Сырты жылтыр залымнан сақта!
Ақпақұлақ шәкірттен сақта!
Атасын білмес мәңгүрттен сақта!
Ниеті бұзық діндардан сақта!
Тентек су ішкен жындардан сақта!
А,Құдай!
Халқымның даналығын,
бойымызға дарыта гөр!
Жеріміздің қазынасын,
игілігімізге жарата гөр!
Елеміз есейіп берекелі болсын!
Ит жылы несібелі берекелі болсын!
Жаңа жыл халқыма жан саулығын,
Тән саулығын сыйласын!
Өрге бассын жас ұрпағым,
Мықтап ұстап тағдырының бұйдасын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұқтар Арыновтың батасы өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Мұқтар Арыновтың батасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұқтар Арыновтың батасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұқтар Арыновтың батасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері