Күзетші құрдасқа – Табылды Досымов

Бұл бетте «Күзетші құрдасқа» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 1
  • 2195
Не құдайға сенбейсің,
Не былайға сенбейсің.
"Ханға" тағы сенбейсің,
Заңға тағы сенбейсің.
Арнасына сия алмай,
Соқтығысқан сеңдейсің.

Ойға оралды бір күдік,
Қарап сенің сыйқыңа.
Қалаң болса дүрлігіп,
Далаң болса ұйқыда.

Сөзін сөйлеп дананың,
Ісін істеп ауыштың.
Ресейдің арағын,
...Ақырында тауыстың.

Үйге қаржы әкелмей,
Бала-шаға, жарды ойлап.
Жүрсің енді әкеңдей,
Шалдарменен "Гарбі" ойнап.

Отырасың қозғалмай,
Бұлт ішінде батқанда ай,
"Қой үстіне болзторғай,
Жұмыртқалап жатқандай".

Арнасына кәрі Арал,
Қайта толған секілді.
Тайсойғанның жарадар,
Байкот алған секілді.

Ақша толы уысың,
Ауырлайтын секілді.
"Қылтамақ" боп туысың,
Ауырмайтын секілді.

Бекірелер Оралға,
Асып жатқан секілді.
Уылдырық қораңда,
Сасып жатқан секілді...

Жаратқанның жарлығы,
болып тұрған секілді.
Дүкеніңде барлығы,
Толып тұрған секілді...

Ризасың өз ісіңе -
Қызмет қылған Отанға!
Жиі енеді түсіңе,
Брежнев атаң да...

Қарауылда табанға,
Жүрсең дағы сыз өтіп,
Хал сұраған адамға,
"О кей!" дейсің гүж етіп.

Ұры күтіп ас қылған,
Түн құшағын жайғасын.
Күзетесің бос тұрған,
"Рабкооптың" қоймасын.

Бір қолыңда таяғың,
Телміресің таң да атпай.
"СССР-ді...баяғы" ...,
Қорғап тұрған солдаттай.


Пікірлер (1)

Диар

Жақсы молодец

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күзетші құрдасқа өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Күзетші құрдасқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күзетші құрдасқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күзетші құрдасқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері