Әулет диалогы – Табылды Досымов

Бұл бетте «Әулет диалогы» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 5271
Атам айтты: "Ұлым ел қорғаса", - деп,
Әкем айтты: "Сұм соғыс болмаса" - деп.
Мен айттым: "Коммунизм орнаса" - деп,
Ұлым айтты: "Бәрі де далбаса" - деп.

Атам "Аттан, кедейін!" айта күліп,
Әкем жатты, "Фашистер тойтарылып"...
Мен даурықтым: "жатырмыз қайта құрып"
Ұлым күлді "кетпейік қайта құрып".

Атам айтты: "Кеңеске - бағалыңмын!"
Әкем күлді: "Піріңмін Заманымның".
Мен де шыңға шырқауға шама қылдым,
Ұлым айтты: "Бүрі жоқ табаныңның".

Атам пісті сабасын: "төгілді", - деп,
Әкем күлді: "Спиртпен көңілдірек".
Мен сырамды сімірдім, ұлым айтты:
"Нашақорлық жайлады өмірді", - деп.

Ақтады атам бидайды қауызындағы,
Ойланды әкем: "Сол қулар сау жүр ме әлі?.."
Мен газетке үңілдім. "ТФУ" деді –
Ұлым "Қазақстанын" аузындағы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әулет диалогы өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Әулет диалогы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әулет диалогы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әулет диалогы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері