Шағым
Бұл бетте «Шағым» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шып-шып етіп молданың
Қолындағы тобылғы,
Қозғалтпайды жон жағым,
Талай дүре соғылды.
Торсылдатып танадай,
Жыртар болды тонымды.
Тілің ащы бала деп,
Қайнатты әбден сорымды.
Оқымай-ақ кетейін,
Байламаңыз жолымды.
Алдыңыздан өтейін,
Не жазып ем сол ғұрлы?!
Оқымаймын молдадан,
Екі иығын қомдаған.
Бала келсе сабаққа,
Жем аңдыған дорбадан.
Ақ сәлдесі басыңда,
Боз інгендей боздаған.
Қайтіп сабақ береді,
Айтқаны ішке қонбаған.
Оқығанша мен одан,
Домбыраны қолға алам.
Өлең кірген түсіне
Жөргегінде мен болам.
Қинама, әке, қинама,
Болмас енді зорлаған!
мен Жамбыл Жабаев три олендерин сиуып окт сын
Сен омирде биреуди жаксы кору ибо Адамбы сую деп
тусунбеймин
Оте керемет
Маган жамбыл жабаевтин олендери унайды себеби мен жамбыл мектебинде жамбъыл ауылында турамын окимин
маған Жамбыл жабаев өлеңдері ұнамайды
Жамбыл Ата өте керемет ақын
Жамбыл атамның жайы жәннәттән болсын
Маған Жамбыл атамыздың өлеңдері қатты ұнайды
Мен Жамбыл Жабаев өлеңдерін сүйіп оқимын.
Өйткені оның өлеңдері тек шындықты жайында айтылған.
Мен оның өлеңдерін сүйіп оқимын
Маған Жанбыл атаның өлеңі ұнайды
Жамбыл атаның өлеңдері маған қатты ұнайды
осы өлеңге талдау жасап бере аласыздарма?