Сәт сайланарда – Жамбыл Жабаев

Бұл бетте «Сәт сайланарда» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.11.2015
  • 0
  • 3
  • 26006
Лашын құстай таранып,
Сыртың сұлу көрінген.
Неңді медеу саналық,
Жел еседі жеріңнен.
Қайымады түйелер,
Қысырады биелер.
Қыста қырсыз, жұт болдың,
Елге жүгіңді үйе бер.
Шығынмен де шаршаттың,
Енді қайтіп күй енер?!
Көргеніміз сол болса,
Неміз қалды сүйенер!
Қазбасам да мен онша,
Елдің өзі-ақ жүйелер.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

Дастан

Өте керемет. өлең

ұлжан

өте керемет

Рахмет

Мен жарысқа баратын едім

Осы автордың басқа өлеңдері