Асан Қайғыны аңсау – Табылды Досымов

Бұл бетте «Асан Қайғыны аңсау» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4902
Әзелден біздің бабамыз қазақ болған-ау, сірә, қыр кезбе,
Даланың төсін қоныстай берген тайпалар кезіп жылда өзге.
Дендерім менің, кең жерім менің, көлдерім, қырат-белдерім.
Асан Қайғы атам өтіпті сенен "Жерұйықты" іздеп бір кезде.

Одан соң талай ғасырлар өлді, жүйткіді жылдар сайтандай,
Төсінде сордың өніп келеміз кем-кетігіміз байқалмай.
Асан Қайғы атам хабарсыз кетті ізім де қайым жоғалып,
Аттанған сонау атышулы бір "іссапарынан" қайта алмай.

Асан Қайғы атам неге кешікті, кезікпеді ме гүл мекен?!
Ел айтушы еді бекерден-бекер кешікпейді деп бұл көкем.
Атоммен жемдеп корабльдерін күрлеген біздің ғасырға,
Желден де жүйрік желмаясы, әлде, жете алмай қалып жүр ме екен?!

Жерұйық жайлы осы бір аңыз санама шуақ құйғасын,
Түсімде бойлай желмая көрем сүйреткен жерге бұйдасын.
Жұмаққа жұртын көшірем деген кешікті неге Асан би,
Сезінді ме екен қазақтың, әлде, атакүлдігін қимасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асан Қайғыны аңсау өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Асан Қайғыны аңсау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асан Қайғыны аңсау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асан Қайғыны аңсау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері