Салт аттылар салдыртқанда еңістен –
Серік Тұрғынбеков
Бұл бетте «Салт аттылар салдыртқанда еңістен» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Салт аттылар салдыртқанда еңістен,
Көлденеңдеп бір ғажайып келіспен,
Қымыз құйған сақиналы саусаққа
Құмарымды қандыра алмай көп ішкем.
Көп ішкенмін, көп ішкеннен қызғанмын,
Көңілді де көншіткенмін, бұзғанмын.
Көк көдеде қалды ма екен көміліп
Сондағы әсем күлкілері қыздардың?!
Толқын соғып, мыж-мыж болған кемердей,
Көркем күнім тұрар қалай көнермей.
...Қыр басында қара бала неғып жүр,
Қауым жұртқа өлең оқи жөнелмей?!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі