Бұл бетте «Қыран» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Төбеден сорғалаған жауынша ағып,
Қанаты бұлт оранып, дауыл қағып.
Қалпынан танбайды әсте қайран қыран,
Көрмеген ештеңеден тауын шағып.
Бойында балғын үміт, балаң желік,
Алған соң қайтсін енді далам да ерік.
Қиядан құйғып төмен құлағанда
Қалады қырағы көз әрең көріп.
Сонан соң атылады қайта аспанға,
Әдейі жаралғандай ойқастауға.
Батырлар қылыш солай сермеуші еді
Жауымен жекпе-жекте айқасқанда.
Шырқайды шаң жұқтырмай шоқтығына,
Көңілдің май құйғандай оттығына.
...Қияда қалықтаған қыран көрсем,
Қиналам қанатымның жоқтығына!..
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі