Өлең, жыр, ақындар

Болжам

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1587
Әр ақынның өмір жолы әр қалай,
Біраз жерден бұйырған-ды дәм талай,
Ат салысып жүргеннен соң өнерге.
Қаншама рет бармақ болып асырғанмен айламды,
Әйтеуір бір сәті түспей қойған-ды,
Түрме менен жындыхана дейтін мекемелерге.

Кенет бір ой сап етті санама,
Кіріп бардым сосын жындыханаға,
Айды бір-аұ шығармақ боп аспанға.
Жынды біткен тас дуалдың ар жағынан бір қабат,
Сау адамның көздерімен тұр қарап,
Көшедегі ығы-жығы кілең есуастарға.

Олар құсап ойлануға миымның,
Жетпей аздық қыларына күйіндім.
Күйіндім де теріс бұрдым бетімді.
Кілең жынды көшедегі мына бізді көргесін,
Тірлік кешкен тиын санап пендешіл,
Сол баяғы кездеріне ұялатын секілді.

Алып ұшқан құмарлықпен бір керім,
Қақтым барып дарбазасын түрменің.
Көңілімнің табылар деп қалауы.
Топырлаған кілең тұтқын тор ішінде-тозақта,
Күлді мені айналдырып мазаққа,
Көздерінде еркіндіктің, бостандықтың алауы.

Әлгілердің мазағына шыдамай,
«Мен- тұтқынмын! – деп шыңғырдым, - Құдай-ай»
Шыңғырды да тасқа соқтым қайламды.
Көз алдымда Жердің шары ғаламның бір бөлшегі,
Секілденді концлагердей еңселі.
Түрме болса азаттықтың аралына айналды.

...Егер де сен қарар болсаң ғарыштан,
Жарылып-ақ кетер едің намыстан.
Жердің шары ұқсайды алып түрмеге.
Жерде туып, Жерде өсіп, Жерде өмірін тәмамдар,
Сол қапастан шыға алмайтын Адамдар,
Мұңдылар ма, жындылар ма, бірдеңе...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыршын ақынға

  • 0
  • 0

Жыр мұхитында желбіреп желкені желмен,
Тоқайластырған елжіреп ертеңін елмен.
Еркелеп жүріп елінің тентегіне ерген,
Шайырлар қанша шарапқа өртеніп өлген.

Толық

Ұлылармен ұғысу (Жамбылға)

  • 0
  • 0

Кездесе кетсе кем түспейтұғын
Қашаған менен Абылдан,
Қазақы қанды қара өлеңдегі
Қайыспас қара қабырғам.

Толық

Тұңғыш балықшылар Гурьевтердің әкесі Гурий Назарьев ақсақалдың рухына ашық хат

  • 0
  • 0

Түсіңе кіріп бекіре балық,
Шоршыған біздің айлақта.
Тарттың да кеттің шоқынып алып,
Атырау дейтін аймаққа.

Толық

Қарап көріңіз