Жалауы болған жанымның
Бұл бетте «Жалауы болған жанымның» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жалауы болған жанымның,
Сағындым, бәрін сағындым.
Самала желге жон төсеп,
Жатыр ма екен Нарын құм.
Айта алмай тілім күрмеліп,
Көмейге жырлар жүр келіп.
Шіркін-ай қайтсам арман не,
Жайықтың бойын бір көріп.
Жатырқап таудың бөктерін,
Жабыққан кезім көп менің.
Қойнында құздың жатып ап,
Аңсаймын қырдың көктемін.
Шалғайдан болып несібім,
Шығандап кетсем несі мін?!
Бозбала көңіл іздейді,
Боздала деген бесігін.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі