Неліктен көзіңе жас толады – Табылды Досымов

Бұл бетте «Неліктен көзіңе жас толады» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2157
Неліктен көзіңе жас толады,
Жан едің өнегелі.
Сеземін, қимайсың Астананы,
Қимайсың және мені...

Әйтеуір қабағың түнерулі,
Қайғыдан шаршаған ба?
Қайтейін, бір ғана жүрегіңді,
Сыйларсың қанша жанға.

Мен сенсіз бақытқа бөленбедім,
Қал соңғы сөзіңді айтып.
Жанымды ұғынсаң егер менің,
Келерсің өзің қайтып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері