Кешіккенің қайткенің?
Бұл бетте «Кешіккенің қайткенің?» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрегіміз - егіз десін дедің бе,
Тілегіміз - теңіз десін дедің бе,
Көп ішінен мені іздесін дедің бе,
Кешіккенің қайткенің?
Күтсе күтсін, тұрса тұрсын дедің бе,
Жүрегінде жыр сабылсын дедің бе,
Әлде мықтап бір сағынсын дедің бе,
Кешіккенің қайткенің?
Басқа жанға тұрақтасын дедің бе,
Көңілімнен жырақтасын дедің бе,
Жүрегімді жылатпасын дедің бе,
Кешіккенің қайткенің?
Мәртебемді биіктетсін дедің бе,
Өзге қызды сүйікті етсін дедің бе,
Өкініштен күйіп кетсін дедің бе,
Кешіккенің қайткенің?!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі