Өкпелемеші – Табылды Досымов

Бұл бетте «Өкпелемеші» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 9310
Өкпелемеші,
Өтірік мен де жұбатпан
Өзегімді өртеп жазбайын хат та жырақтан.
Өкпелемеші,
Бақытыңды алдан күт бірақ,
Менен де гөрі мықтырақ,
Өзге бар сені ұнатқан.
Өкпелемеші, өкпелемеші.

Өкпелемеші,
Өкіндірмеші құрбыңды,
Өлеңмен жуып тастармын мен де кірбіңді.
Өкпелемеші,
Өкпелемеші арманым,
Қалайша жігіт болғаным,
Өңгере алмасам бір мұңды.
Өкпелемеші, өкпелемеші...

Өкпелемеші,
Өткенде қаздар төбеңнен,
Өкінішіңді өлшерсің жырмен, өлеңмен.
Өкпелемеші,
От болып жанған жүрегің,
Өмірден таппай бір емін,
Өртенеріне сенем мен.
Өкпелемеші, өкпелемеші.
Өкпелемеші, өкпелемеші.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері