Шыдаған қанша сан мұңға – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Шыдаған қанша сан мұңға» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 713
Шыдаған қанша сан мұңға,
томсарып үнсiз түйiлген,
глобус тұр алдымда
монтиған киiз үйiмдей.
Салмақты тұрар елемей
құрылған өлшем, дәлдiкпен,
ондағы уық, кереге –
бойлықтар менен ендiктер.
Көз жасқа қанша жуынып,
өткен ол қанша жөндеуден.
Алыпты шарт та буынып
экватор-белдеумен.
Иесiз оны қаңыратпа,
салмаңдар онда бүлiктi.
Төңкерiп апты шаңырақтай
Солтүстiк Мұзды мұхитты.
Күн туып кенет дауылды
кетер деп түтеп бұрқанып –
планетам сабырлы
томсарар үнсiз қымтанып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері