Бұл бетте «Жоқ деңдер мені» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жоқ деңдер мені,
«Тума» құм жақтан шашасын қандап,
Шыңғырып жетсе кер бестім.
Күтпеңдер мені,
Сөкпеңдер мені,
Кегімді мен де дұшпаныма бермеспін.
Өйткені марқұм Махамбетпенен жерлеспін,
Ер Шабайменен елдеспін,
Талай дүріңнің арынын басқан
Нарын-құм деген жерде өстім.
Еркекпін деген,
Тентекпін деген талайларыңмен белдестім.
Алаштан асқан алпауыт біреу болмаса,
Жолымды менің кеспеуі керек енді ешкім.
Мен кеттім!..
Серік
Ассалаумағалейкум! Тамаша бəрі! Көкеміздің жатқан жері жайлы болсын.
Төре
Қайран Табылды, арда азамат еді ғой. Жатқан жерің жарық, жайлы болсын!