Қоскүрең – Табылды Досымов

Бұл бетте «Қоскүрең» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1698
(қыршын ақындар М.Отаралиев пен С.Әбуғалиевтың рухтарына)

Бойдағы ғажап намыспен,
Жырлары кабакта піскен.
Қоғамға «қолын шығарып»,
Арақты ары ақтар ішкен.
Болған ғой сондай адамдар.

Ұрғанда сойылы бастан,
Жендеттің тойымы қашқан.
Түрмелер құшағын жайып,
Зоналар қойынын ашқан.
Болған ғой сондай қоғамдар.

Тоймайтын мызғымас ардан
Тектіні тізгіге салған.
«Пахандар» палауын асап,
Әлсіз «қыз» қыла салған.
Болған ғой сондай замандар.

Ақындар жұмақты аңсамақ,
Шатасып қараптан-қарап.
Шырмалып Марат пен Сағат,
Ішкен ғой.., басқа не амал бар?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоскүрең өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Қоскүрең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоскүрең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоскүрең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері