Жігіт, – деп те айтады, – тасы өрлеген – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жігіт, – деп те айтады, – тасы өрлеген» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 933
«Жігіт, – деп те айтады, – тасы өрлеген»,
Сөзі шығар
Бұ жұрттың дәсерлеген.
Кермек дәмін татқанмен қу тірліктің,
Болмашы бір
Келемін әсерменен.
Қуанышым, сол менің –
Болашағым,
Көріпкелдік көзбенен бал ашамын.
Жұбайымсың, Зере, сен –
Ақыреттік,
Түсірмеспін жаныңа нала шаңын.
Көрінеді көбіне
Көмескі ісім,
Жақсылықты жасырма,
Ел естісін.
Сен шынымен болашақ Ұлы Абайдың,
Қарқарадай әжесі
Емеспісің?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Осы автордың басқа өлеңдері