Бұл бетте «Жүзіңді әжім басқан» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүзіңді әжім басқан,
Кәрілік жеткені ме?
Сенде ғой қазына асқан,
Бұл өмір өтпелі ме?
Хат жазсам сірә алыстан,
Амалсыз кемсеңдедің.
Шаттандың қуаныштан,
Өссе сәл еңсем менің.
Кеткенбіз жырақтап тым,
Соңымда өзің ғана.
Сол жақтан тұрақ таптым,
Сағындым көзіңді, Ана!
Тасыттық ырысыңды,
Асырдық мәреңді елден.
Кеңейттім тынысыңды,
Ұлыңмын әрең көрген.
Жатырмын толыса алмай,
Сандалам текке неге?
Жүрмін-ау болыса алмай,
Сен маған өкпелеме.
Ағайын көре алмастан,
Сөз етіп, күндер бәлкім.
Өмірің гөзәл дастан,
Түрілер түндер бәлкім.
Келеді балаң өсіп,
Ешқашан қаймықпағын.
Керек жоқ жалаң несіп,
Керек жоқ байлық та мың.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі