Табылдың әні

Бұл бетте «Табылдың әні» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 3
  • 8252
Атыңды сенің айтамын ән қылып неге,
Қозым-ау деші күлімдеп Баяндай маған.
Тірлікті мынау, жаным-ай, мәңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам.

Оянбай қалам, бұл шындық, ұрыспа қарғам,
Шөлмек-тірліктің белгілі құлай сынары...
Гитарамды алып елеусіз бұрышта қалған,
Бауырыңа басып егіліп, жылайсың әлі.

Жүректе - ызғар, баста - мұң, көңілде - қырау,
Оңай ма жаным кеудеңді қайғы ауыртқасын.
Жүретін кезім болды ма өмірде мынау,
Шараптан емес, шаттықтан айналып басым.

Басымнан ұштың, бақытым, базарым едің,
Ақ арман неге қол бұлғап шақырмайды алдан.
Отырам сосын тұнжырап, сазарып өңім,
Оқтаулы мылтық секілді атылмай қалған...

Атыңды сенің айтамын ән қылып неге,
Қозым-ау деші күлімдеп Баяндай маған.
Тірлікті мынау, жаным-ай, мәңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам.


Пікірлер (3)

С.Бекзат

Керемет! Маған қатты ұнады!

Myrza

Өте керемет

жанарыс

күшті

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Табылдың әні өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Табылдың әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Табылдың әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Табылдың әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері