Мұңайма

Бұл бетте «Мұңайма» атты Жарасқан Әбдіраш жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 1
  • 10698
Сен мұңайма, қуанайын мен дағы,
Сені сезім, мені көзің алдады.
Тек біз емес адастырған талайды,
Бұл тағдырдың айқыш-ұйқыш жолдары.

Өмір бізді жолықтырды, байытты,
Желіктірді, болдық бүгін байыпты.
Кінәлама өзіңді де мені де,
Біздің бұған жастығымыз айыпты.

Жүрегіңді шайлықтырып, жасқантып,
Алдың рас, демеймін күл, тас, шалқып.
Бірақтағы қала көрме қапыда,
Қарсы келген бақытыңнан бас тартып.


Пікірлер (1)

Саят

Өте керемет мағналы ән!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұңайма өлеңінің авторы кім?

Жарасқан Әбдіраш — осы өлеңнің авторы.

Мұңайма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұңайма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарасқан Әбдіраш өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұңайма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері