Бұл бетте «Баян өлке – аяулы өлке» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Асқар таулар көмкерген асқарын қар,
Баурайында баянды жас шағым бар.
Шақырады біздерді ақ шағылдар,
Асқар таулар, ал енді қош болыңдар.
Қайырмасы:
Баян өлке, аяулы өлке,
Сен менің арайлы әнім,
Туған жерді думан белді, -
Қиярмын қалай бәрін.
Сағыныштан алып ұшқан
Көңілім алаңдаумен.
Қоштасарда, қоштасарда
Қия алмай қарайладым.
Сені ойласам көңілім елжіреген,
Түсімде де асқар тау, белді көрем.
Саған деген, Бай-Өлке, махаббатым,
Суларындай Қобданың мөлдіреген.
Қайырмасы.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі