Әбділдаға – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Әбділдаға» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тұрғанда ұйқы-тұйқы ақ самайым,
Мен қалай,Әбе, сені жат санайын.
Абыржып асаңды ұстап отырғаның,
Ашулы Грозный патшадайын.
Сөйлесең,Бурадайын лықсып-тасып,
Жаралы жауынгердей сылтып басып,
Әбігер боп жүргенің қашан көрсем,
Жырдағы жалғандықпен мылтықтасып.
Бой түзеп,Босқа кетпей сауықпенен,
Боз қырау босағасын тауыпты өлең.
Жаман жыр жазғанымда
Ақ таяғың -Арқамда ойнай ма деп қауіптенем...
Туады, туады әлі нағыз ақын,
Нағыз ақын бал мен у тамызатын.
Жесірдің айырылмас сырласы боп,
Жендеттің көзінен жас ағызатын.
Туады, туады әлі нағыз ақын!
Жыр сөздері жай болып атылғанда,
Атылғанда, аспаннан оқылғанда,
Мылқауларға тіл бітіп, керең естіп,
Жанар пайда болады соқырларға.


Пікірлер (2)

орманбек

өте жақсы

Мұқағали Мақатаев

Өлең 15-20

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әбділдаға өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Әбділдаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әбділдаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әбділдаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері