Жас сұңқарға

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1901
Ұшқыш гвардеец Байсұлтановқа

Қиыр шексіз теңіз майдан,
Одан да үлкен шексіз аспан,
Көк қияға қанат жайған,
Көп құзғынмен күнде алысқан.
Болат қанат гвардеец
Батыр сұңқар бауыр Әлім,
Туған елден, сүйген жерлес,
Жалындаған бұл сәлемім.
Сен бір ұштың бұлтқа бойлап,
Шалды көзің бір "шағала"
Жау құзғыны еді қулық ойлап,
Шабуылға шыққан жаңа.
Сен оны айдап шықтың бұлттан,
Төбесінен түсірдің жай,
Көк шыңынан допша қаққан,
Түсті суға, көмді оны ылай.
Бір топ құзғын көрді сені.
Ұшты қаптап, сескенбедің,
"Ала алмайсың тіпті мені,
Маған жету қиын", — дедің.
Жеткізбедің жеті құзғын,
Қала берді бұлтқа оралып.
Сен самғадың бұлтты бұздың,
Шықтың түнек тұман жарып.

1943


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жас сұңқарға өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Жас сұңқарға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жас сұңқарға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сапарғали Бегалин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жас сұңқарға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері