Тамшы

Бұл бетте «Тамшы» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2521
Бұлттан ыршып түсті жерге
Тамшы ақықтай мөлдіреп,
Кетпей ұшып соққан желге,
Гүл бүріне қонды кеп.
Аңсаған гүл жұтты жайнап,
Тартты ішіне тамшыны.
Ашылды күн шұғыласы ойнап,
Жайнады гүл талшығы.
Күн нұрынан гүл сергіді,
Кебірсіді тамшы ұшты,
Айдады жел сыр белгілі,
Тамшы бу боп бұлт түсті.
Қайта бу боп, тағы су боп,
Кетті тамшы домалап.
Тағы келіп қонды егінге,
Шөлдеп тұрған күн жалап.
Егін балқып дән толтырды
Тамшы кетті тамырға,
Егіс жайнап, қыр құлпырды.
Өсті алтын дән сол қырда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тамшы өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Тамшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тамшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сапарғали Бегалин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тамшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері