Сүйікті өлкем туралы сөз – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Сүйікті өлкем туралы сөз» атты Сапарғали Бегалин жазған туған жер туралы өлең берілген.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2046
Қыста қымтап қар көрпе
Жөңкіліп жайсаң жаз жетсе.
Іркусіз жортып жел ерке
Сағымды қырда тербетсе.
Шарықтап қиял алысқа
Кететін кезіп даланы.
Өндіріс орнап бұл түске
Көрем деп жаңа қаланы.
Жоқ шығар қазақ ойлаған,
Кен қайдан кірсін түсіне,
Білгені жалғыз мал ғана
Жоқ еді басқа ісі де.
Тұншығып жатқан асыл кен,
Жайлауда күзек көңінде
Арнасын бүгін ашып кең,
Түсі емес, көрді ел өңіңде.
Алдыңа ұшқыр ой тастап,
Көресің байлық сәулетін,
Алуан байлық құлаштап
Шалқытты халық дәулетін.
Аршындап алып құрылыс,
Даламды мотор дулатқан.
Ояңды тыңнан алып күш,
Келешекке жол тартқан.
Адамның дана ойына,
Бейбіт еркін жол ашқан.
Октябрь ұлы тойыңа
Қуанып жырдан гүл шашқан.
Мен даланың ұлымын,
Жасым кексе, жаным жас,
Астында Ленин туының
Құдіретіңе ием бас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері