Жаңа қала

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1623
Ашылып алып аймағы,
Ақтарылған асыл кен,
Тақтасын кертіп сайдағы
Атырабын үңгіп ашып кең.
Шыңырауда жатқан қоңыр тас,
Алынып темір сом діңгек,
Қопарып жатқан батыр жас,
Қопартып жатқан ұлы еңбек.
Аршын азу аттағыш,
Төбені түйреп аударып,
Жүргізіп маман баптаған,
Тілімдеп жонды қақ жарып.
Жаңа кенде жас маман,
Жүргізіп алып тетікті.
Жаңа қала, жаңа адам
Даланы думан етіпті.
"Ағай" деп алдан күлімдеп
Жас қазақ шықты инженер,
Тас үккен мотор гүрілдеп,
Жүргізген бәрін жас шебер.
Гулеген тасқын бір екпін,
Заманнан озбақ қарқыны,
"Қымбатты кенмін, керекпін",—
Дегендей зор күш шалқыды.
Арқа, Оралдың сілемдес,
Босаға, белдеу шегінде,
Ильич шамын алып ГЭС
Ойнатқан Арқа көгінде.
Туысқан елдің туы еңбек,
Бөленген ғылым табысын,
Бейбіт ел баққа бөленбек,
Асырып көкке дабысын.

1958


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңа қала өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Жаңа қала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жаңа қала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сапарғали Бегалин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңа қала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері