Ақын ескерткіші

Бұл бетте «Ақын ескерткіші» атты Сапарғали Бегалин жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1836
Кек пен шердің майданындай кер дала,
"Бестау", "Машук" арасында аз жер ғана,
Сақтап ұлы ескерткішті тас бөктер,
Тұр тұнжырап мұң бөленіп бір сала.
Құлпы тастан қойған биік мұнара,
Ұлы ақынның қаны тамған бұл дара,
Жекпе - жекте Мартыновтың оғынан
Жығылған жер Лермонтовтай ер дана.
Мұнараның айналасы қоршалған,
Сом шынжыр мен мықыр діңгек тұр шалған.
Төрт жағында төрт лайлақтың тұлғасы,
Ақын рухын бағып алып құс қалған.
Келешектің бейнесіндей төрт қыран,
"Біз күзетші ардақты ақын зор мұраң –
Келешекке жеткенше біз ұшармыз,
Біз сақтармыз атқанынша алтын таң".
Дегендей - ақ тұғыр басып төрт жерден,
Ортасында құлпытас тұр түнерген,
Жас күйінде жауыздықтың қанды ізі,
Сақталыпты өтіп ай, жыл, күндерден.
Бұл орыннан кім аттанар күйінбей,
Қыршын өмір алып ақын күйіндей.
Аз өмірде Лермонтовтың жазғанын,
Кім оқиды не күйінбей, сүйінбей.
Осы орын тұр бөктерінде Машуктің,
Көз жасына сүңгіп сол бір ғашықтың,
Ақын жаны дамыл тауып жатқандай,
Күн де батты, айналаны басты түн.
Аттандықта бұл орыннан күйіне,
Келдік ақын аз күн тұрған үйіне,
Ақын тірі отырғандай сол үйде,
Қарай бердік бар мүлкіне сүйіне.
Ақын мүлкі, бар құралы сол күйі,
Аз күн тұрған жалғыз қабат ақ үйі.
Алша ағашы көлеңкелі көк сандал,
Лермонтовқа болған орын мол сыйы.
Мәуесін ап уылжыған алшаның,
Рақаттанып жырын жазып қанша күн,
Тұрғанын қыз айтып бізге жеткізді,
Сияқтанып ұлы ақыннан қалған үн.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын ескерткіші өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Ақын ескерткіші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын ескерткіші өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын ескерткіші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері