Бұл не деген бақыт еді – Саттар Ерубаев

Бұл бетте «Бұл не деген бақыт еді» атты Саттар Ерубаев жазған бақыт туралы өлең берілген.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 7241
Бұл не деген бақыт еді
Қуаныштың ордасы:
Он жыл өлең жазыпты.
Жас ақынның жолдасы.
Ғасырлар өтіп кеткен бе,
Күн батып таң атқанша?
Достым он жыл жүріптік
Мен Шиллермен шай ішіп,
Гетемен шылым тартканша.
Мұндай бақыт, құрметті
Басқа дәуір көрген бе?
Достым тойын тойлапты,
Мен бір - екі қате істеп,
Одан аулақ жүргенде.

1936


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері