Өлең – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Өлең» атты Светқали Нұржан жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2270
Шертемін көңілімнің мың ырғағын,
Біткей деп жыр жолында құмыр-дарын.
Мендегі бұла күшпен жаңбыр қылып,
Көктемнің бұлттарынан жыр ұрладым.
Төбемнен ән-ғұмырлы құстар ағып,
Бойыма жатқан шақта күш қамалып—
Шумақтап өлеңге атып жіберемін,
Даланың шылбыр-жолын ұстап алып.
Бәріне еркін барып, еркін келем,
Жанымнан іңкәрліктің дертін көрем.
Мен жазар жырды теңдеп жетті бір күн,
Бура-бұлт шудалары желкілдеген.
Жамырап жұлдыз біткен жауды маған,
Шашу ғып қайта шашты таулы далам...
Ғажайып өлең сөйлеп кетті бір күн
Қалқаның жанарынан жаудыраған.
Жатады дүние сыры алдыма кеп,
Жанарым салмағай тек қалғып әлек.
...Қараймын тал бүршігін таңда тұрып,
Бір өлең жасырынып қалды ма деп!

Сәуір, 1980 ж.
Қарамандыбас қыстағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлең өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар