Бұлт – шайыр – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Бұлт – шайыр» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1316
(этюд)

Бұлт бір шайыр — сақал - шашы киіздей,
Жер - дәптерге үңіледі ол жиі үзбей.
Жарты ай анау,
Сол шайырдың қолында
дір - дір еткен шарап толы мүйіз ғой ...
Алабұртып,
Сәл масайып тұр ғалам,
Бір құпия сыр айтардай түн маған.
Нұр - шараппен
Тамып кеткен мүйізден
Шыладым мен таңдайымды құрғаған.
Табиғаттың тылсым Әнін тыңдадым,
Ұрладым мен Ұлы Әуеннің ырғағын:
Бұлт - шайырдың қанып алып шарапқа,
Күркіреп кеп оқитұғын жырларын ...

1988 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлт – шайыр өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Бұлт – шайыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлт – шайыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлт – шайыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері