Бұл бетте «Көрініс» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаздың түні.
Аспан — теңіз,
Жер — теңіз,
Теңіз болып кеткендей бар шартарап.
Сол аспанда айға айналған ерке қыз,
Жүзіп кетіп бара жатыр шалқалап.
Сол айменен теңесесің,
Қасымда
Неғып тұрсың ғажабыңды қалқалап?!—
Жүзші сен де,
ақ тәніңді жасырмай,
Атыраудың айдынында шалқалап.
Шарап-шабыт күйшы, сахи, жырыма,
Ес кетірсін мынау арқа-жарқа бақ!
Ғаламды алған егіз айдың нұрына
Мен де жүзіп кетейін бір шалқалап...
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі