Кер құнажын
Бұл бетте «Кер құнажын» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бастаған сиыр алдын, кер құнажын,
Бетіме биылдан соң-ай түсер әжім.
Тоятын ақ сұңқардың құзғыны ілсе,
Тағдырдың жазғанына-ай бар ма ылажым.
Қайырмасы:
Кәй-ау, кәй-ау, кәй-ау
Я-а-а-ау.
Ұшады көк ала үйрек аспанменен,
Мезгілсіз таң атпайды, ай, сасқанменен.
Кісіге кісі жары жар бола ма,
Қаншама бауырыңа, ой, басқанменен.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі