Құсни-хатшы – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Құсни-хатшы» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1318
Мүрсейіт Бікеұлына

Мен боламын демеңдер...
Абай.

Шешен күлкі қылса да, жырау мазақ,
Бара жатыр миымды сұрау қажап.
Сен болмасаң егерде,
Құсни хатшы,
Қалар ма еді Абайсыз мынау қазақ?!
Жоқ деген көп, қалмасақ жүгенделіп,
Жоғымызды тағы бір түгенделік...
Сен болмасаң егерде,
Абай деген
Болыпты деп бір ақын жүрер ме едік?!
Таусыз қалар қазақпыз Толағайсыз,
Осыны ұқпай жүр талай рабайсыз.
"Күпі киген қазақтың қара өлеңін"
Елестету сұмдық қой ұлы Абайсыз!
Бұл сөзімді керең де соқыр ұқсын,
Бір мекенге сыймайды екі қырт шын.
Жұрт оязға жатқанда арыз жазып,
Сен Абайды көшіріп отырыпсың.
Жер түбінен, о, бізге жеткен өрлік!
Сен ол болам демепсің текке кергіп.
Ерінетін өз жырын көшіруге
Ақындар көп. —
Сенікі неткен ерлік?!
Игі жақсы жиылып, астана жұрт,
Әрбір сөзін өткізіп тасқа жанып,
Күймейсің бе:
Өзіңдей хаттаттарын
Қайраткер ғып жатқанда басқа халық?!
Ақын деген, әрине, мазмұн құлы,
Мазмұнымда — жалқы ұшқан қаздың мұңы.
Сен өлгенсің, бұл жырды естімейсің,
Естиді деп тірілер жаздым мұны!..

1986 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құсни-хатшы өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Құсни-хатшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құсни-хатшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құсни-хатшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері