Кеңес – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Кеңес» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1296
Жанатқа

Ырғақтап жорға тайдай, қылаң қағып,
Қарағым, қайда асықтың шығай маңып?!
Қарадың былай қалып сәлем-сауқат,
Жанарың тұлайланып —
Тұманданып.
Жолыңа болады ғой жырынды кес —
Келмесе осы айтқаным —
Тілімді кес!
Бездірме баяныңды, аяғыңды
Аңдап бас,
Іліп қалар кіл індігеш.
Жайыңды, қарағым-ай, шын сезінем,
Айыңды тұман шалса,
Жыршы езілер.
"Жорға тай — мініс көлік" деген кеше,
Шошыдым бос белбеудің бір сөзінен.
Желкенін жел қиратып — жайып қалса,
Теңізде ғарық болды қайық қанша...
Жанымда ырғақтамай, сырғақтамай
Тұра тұр! —
Селдір тұман айыққанша!..

1986 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеңес өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Кеңес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеңес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеңес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері