Қыстауда

Бұл бетте «Қыстауда» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1455
Маңайдың бәрі ақ түтек.
Дала. Қой ауыл. —
Малшының жайы басыма салады ой ауыр.
Қайшылық көрем әлемнен — қойшы күтпеген:
Жағып тұр жерге әппақ қар — қара бояуын.
Итарқа үйдің маңайы жұпыны неткен! —
Арық-тұрақтар арса-арса ыпыны кеткен.
Шопан үйінің ұшпады түтіні көптен,
Жүргізгелі қыс кәрі үкімін өктем.
"Жандық емес, жәндік қой, үйінді басқыр!" —
Мылтықсыз шопан көзінде күйінді жас тұр.
Үкімін қыстың орындап, әлгінде ғана
Заялап малын кетіпті үйірлі қасқыр.
Марғасқа тазы жоғалып төтеп беред дер,
Ақ тауық түгіл, тығылған кетекке кептер.
Бірегей өлді,
Қайтеді дүрегей енді,
Қораға қашқан қаңсылап көпек төбеттер.
Дәлудің қамын пенде жоқ ақырапта ойлар. —
Аязбен бірге миымды шатынатты ойлар.
Қозысын қарға шоқуда, шуын шұбатып
Маңырасады жем сұрап ақымақ қойлар ...

"Малшының ісі кейде өстіп қырын басады" —
Мұңын шаққан шопан дос сырын да ашады.
... Қасқыр тартып өлтірген қойға таласып,
Қорадан шыққан төбеттер ырылдасады ...
Мейірсіз қыстың кеспірін көресің де бір,
Қайырсыз тұстың ойлайсың елесін не бір.
Қайғының "Қара қағазы" — қарға мен құзғын
Қой баққан елдің әлі де төбесінде жүр ...

1988 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыстауда өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Қыстауда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыстауда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыстауда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері